Азат Мақсұмның UFC-гі жекпе-жегі өтпейтін болды

Азат Мақсұм
Фото: UFC

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Азат Мақсұмның 3 тамызға жоспарланған UFC-гі жекпе-жегі өтпейтін болды. Дубайда өтетін турнирге қарсыласы Си Джей Вергара да қатыспайды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

MMA Fighters мәліметінше, Азат Мақсұм да, Си Джей Вергара да жаттығу кезінде жарақат алып қалған. Нәтижесінде ұйымдастырушылар өзге жекпе-жекті жоспарлайтын болады.

Айта кетейік, Азат Мақсұм UFC-де екі жекпе-жек өткізіп үлгерді. Біреуінде жеңіске жетіп, бір кездесуінде қарсыласына жол берді.