«Қалқаман» метро станциясының құрылысы қашан аяқталады?

Фото: parlam.kz

Мәжіліс депутаттары Айдос Сарым және Сергей Пономарев Алматы қаласындағы «Қалқаман» метро станциясының құрылысымен танысты. Нысан Абай даңғылы бойында Әшімов пен Айбергенов көшелерінің арасында салынып жатыр, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Наурызбай ауданындағы «Қалқаман» метро станциясы 2026 жылы пайдалануға берілуі керек. Құрылыс барысында сол жақ туннельде 936 метр, оң жақ туннельде 559 метр қазылған. Газбен жабдықтау, электр жүйесі, телекоммуникациялар мен су құбырының сыртқы желілерін көшіру жұмыстары жоспар бойынша жүргізілуде.

Депутаттар жұмысшылармен сөйлесіп, құрылыс жұмыстарының кестесімен танысты. Мәжілісмен Сергей Пономарев «Қалқаман» станциясына дейінгі желі құрылысы 2,5 жылдан бері жүріп жатқанына назар аударды. Оның айтуынша, осы уақыт ішінде жоба қымбаттаған, сәйкесінше қайта бағалау мен мемлекеттік сараптаманы қажет етеді. Өз кезегінде депутаттар заңнамалық деңгейде қолдау көрсетпек.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины просто испаряются! Намажьте лицо перед сном этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!