Таразда аға прокурор Сергей Налыгачев қайтыс болды. Болжам бойынша, ол жергілікті дәмханада шелпекке тұншығып өлген, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі CMN.KZ сайтына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 2024 жылғы 30 маусымда болған, Прокурор қайтыс болған «У Мамед» дәмханасының әкімшісі оқиғаның егжей-тегжейін айтып берді.
Налыгачев кафеге досымен бірге келген. Олар тапсырыс берге, даяшы тек шелпек әкеліп үлгерді.
«Оның досы тұншығып өлгенін айтты. Ал жедел жәрдем дәрігерлері келгенде ер адамның кім екенін анықтап, бір-екі күн бұрын инсультпен түскенін айтты. Ем алмай, ауруханадан шығып кеткен», — дейді дәмхана әкімшілерінің бірі.
Сондай-ақ, әкімші прокурорға досы алғашқы медициналық көмек көрсете алмағандықтан өлді деген болжам айтты. 15 минуттан кейін келген жедел жәрдем қызметкерлері жансыз денені тапты.
Сергей Налыгачев 20 жылдан астам Жамбыл облысының прокуратурасында түрлі лауазымдарда қызмет етті. Баспасөз қызметінде мәліметінше, ол кәсіпқойлығымен қатар мейірімді және жанашыр адам болды.
«Ол ұжым арасында үлкен құрметке ие болды», — деді департамент.
Жамбыл облысының прокуратурасы отбасы мен жақындарына көңіл айтып, марқұм прокурордың отбасына моральды және материалды қолдау көрсетуге уәде берді.
ПІКІР ЖАЗУ