Қазақстанда Ұлттық кітап күні белгіленді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
23 сәуір — Ұлттық кітап күні. Үкімет Қаулысымен Қазақстанда жаңа мереке «23 сәуір — Ұлттық кітап күні» бекітілді.
Бұл мереке Мемлекет басшысының қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында үшінші Ұлттық құрылтайдың негізгі сессиясында берген тапсырмасына байланысты белгіленді.
«Кітапқұмарлық — жақсы қасиет. Көптеген мемлекет Ұлттық кітап күнін атап өтеді. Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз», – деді Президент Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінде.
Қаулы 2024 жылғы 16 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
ПІКІР ЖАЗУ