«Маған төрт титул керек!». Жәнібек Әлімханұлының алдағы жоспарымен бөлісті

Жәнбек
Фото: twitter.com/trboxing

WBO/IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы доминикандық Карлос Адамспен және кубалық Эрисланди Ларамен біріккен жекпе-жекте кездескісі келмейді. Оның орнына қазақстандық  чемпионмен жекпе жек өткізіп, бірден төрт атаққа таласуға ниетті, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

Бұған дейін Qazaq Style жаңазеландиялық Михайловичті 13 шілдеде жеңген жағдайда, Top Rank промоутері оны Адамеспен кездестіруге ниетті екендігі туралы ақпарат тараған. Алайда Әлімханұлының жоспарлары мүлдем басқа болып шықты.

«Маған төрт титул керек! Менің промоутерім жыл соңында чемпионмен жекпе-жек ұйымдастыра алады деп үміттенемін. Лара немесе Адаместың қайсысы болса да маңызы жоқ!»- деп жазды боксшы X парақшасында.

13 шілдеден 14 шілдеге қараған түні қазақстандық Андрей Михайловичпен жекпе-жекте белбеуін қорғауы керек.

Айта кетейік, кубалық боксшы Эрисланди Лара (30-3-3, 18 КО) WBA чемпионы, доминикандық Карлос Адамес (24-1, 18 КО) WBC чемпионы.