Ақтаудың 25 жасар тұрғыны Каспий теңізінде суға батып кетті, деп хабарлайды Ozgeris.Info Lada.kz сілтеме жасап.
Маңғыстау облысы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 7 шілде күні сағат 22: 00-де «Солдат жағажайы» жағалауында болған. Жас жігіттің суға түсу үшін жабдықталған жерде қаза болғаны белгілі.
«Құрамында жеті қызметкері бар ТЖД іздестіру тобы төрт жүзу құралы мен бір квадрокоптерді пайдалана отырып, бүгін, 8 шілде күні таңғы сағат 6: 17-де суға батқан адамды тауып алды. Қаза тапқан адамның мәйіті судан шығарылды «, — деп хабарлады өңірдің ДП.
ПІКІР ЖАЗУ