Астанада LRT құрылысына байланысты бір көшеде қозғалыс шектеледі

ЛРТ
Фото: Турар Казангапов

Астанада LRT құрылысына байланысты бір көшеде қозғалыс шектеледі, — деп хабарлайды Ozgeris.Info.

Қала әкімдігі мәліметінше, LRT жұмыстарын жүргізу жоспарына сәйкес Сығанақ көшесі бойынша жол қозғалысы өзгереді.

«8 шілдеден 31 тамызға дейін Түркістан көшесінен Мәңгілік Ел даңғылының көлік айрығына дейінгі учаскеде ростверктерді, тіректер мен ригельдерді орнату бойынша жұмыстарды орындау үшін қозғалыс ішінара шектеледі. Достық көшесі жағынан Сығанақ көшесіне оңға бұрылу съезі жабылады. Жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, сондай-ақ, уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз», — деп жазылған хабарламада.