Димаш Құдайберген қытайлық CCTV телеарнасының «Идеялар өзгертеді» жобасына қатысып, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен қалай танысқанын айтып берді, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
«Идеялар өзгертеді» бағдарламасының кейіпкерлері – қазақ-қытай достығын дамытуға зор үлес қосқан тұлғалар. Түсірілім Қазақстанда өтті.
«Мен Си Цзиньпин мырзамен алғаш рет 2017 жылы «I am a Singer» жобасынан оралғаннан кейін таныстым. Ән айтып болғаннан кейін ол маған келіп, мен туралы және жалпы менің шығармашылығым, Қытайдағы атағымның шығуы туралы өз пікірін айтты. Ол өз батасын беріп, менің шығармашылығыма жанкүйер екенін, әйелі де менің шығармашылығымды бақылап отырғанын жасырмады. Бұл, әрине, маған өте жағымды болды. Менің бірден байқағаным, ол кісі өте терең ойлайтын адам. Әннің не жайында екенін түсінуге тырысады, бұл маңызды. Жалпы, оның жоғары мәдениетті адам екендігі бірден байқалады», — деді Димаш Құдайберген.
ПІКІР ЖАЗУ