Ол биылғы ҰБТ тарихындағы 140 балл жинаған 3 оқушының бірі, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Бұған дейін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ҰБТ-дан 140 балл жинаған Жаннұр Еңсебекті құттықтап, ата-анасына алғыс білдірген еді.
Одан бөлек оқушыға Алматы облысының әкімі 500 мың теңге табыстаған.
«Қуанышымда шек жоқ. ҰБТ-ға «Juz40» білім беру орталығында дайындалдым. Шүкір, үміт ақталды. «Hyundai Sonata» автокөлігін сыйлаған орталыққа көп рақмет’, — деді ол.
«ҰБТ тапсырар алдындағы түні мүлдем ұйықтай алмадым. Сосын тестілеу орталығына барғанда барлық сұрақтар оңай болып көрінді. Екі сағаттың ішінде барлық сұраққа жауап беріп үлгердім. Қалған бір жарым сағат уақыт жауапты тексеруге кетті. 140 балл жинағанымды көргенде, қуанышымда шек болған жоқ», – дейді Жаннұр Еңсебек.
Оқушы ҰБТ-ға дайындайтын ақылы курстарға уақыт жоғалтпай, үйде онлайн дайындалғанын айтады. Оқушының айтуынша, ол күн сайын математика мен информатика есептерін шығару бойынша 6-8 сағат жұмсаған. 11 жыл үздік оқыған түлек – «Алтын белгіге» үміткер. Ол ҰБТ-ны «Математика-Информатика» комбинациясы бойынша Алматы облысының Есік қаласында тапсырған. Жаннұр қазір университет таңдап жатқанын айтады. Білімді оқушы IT саласында білім алуды жоспарлап отыр.
ПІКІР ЖАЗУ