Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай халқы қазаққа ешқашан жамандық жасамағанын мәлімдеді, — деп хабарлайды ozgeris.info
«Қытай – біз үшін тату көрші, достас және мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктес мемлекет. Бұл елдерімізге ортақ құндылықтар мен ортақ ұстаным деп айтқым келеді. Оның тарихи тамыры тереңде жатқаны сөзсіз. Ежелден біздің халқымыз арасында өзара қолдау негізінде тығыз сауда және гуманитарлық байланыстар белсенді дамып келген», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада.
Президенттің айутынша, қазақ пен қытай байланысы Ұлы жібек жолынан бастау алып, төрткүл дүниеге таралған киелі жолда ынтымағы мен бірлігін жарастырған.
«Тарих қойнауына үңілетін болсақ, Қытай елі қазақ халқына ешқашан жамандық жасаған жоқ, ешқандай тосқауылдар құрған емес, жәрдем ғана берген. Біздің елдеріміз әрдайым өзара тығыз байланыста және шынайы қарым-қатынаста болды. Бүгін де солай және солай болып қала бермек. Мен оған кәміл сенемін. Бір сөзбен, біз осы сара жолды міндетті түрде жалғастырамыз. Халқымыздың арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты бекемдей береміз. Бүгінгі келіссөз нәтижелері – соның айқын дәлелі», — деді Мемлекет басшысы.
ПІКІР ЖАЗУ