Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді әуежайда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов қарсы алды, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
Владимир Путин Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады.
ШЫҰ-ны 2001 жылы алты мемлекет – Қазақстан, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан құрған. Кейінірек бірлестікке Иран, Үндістан және Пәкістан елдері қосылды.
5 жыл ішінде Қазақстанның ШЫҰ елдерімен тауар айналымы 56,5%-ға өсіп, $66 млрд құрады.
2024 жылғы қаңтар-сәуірде ұйым ішіндегі өзара сауда көлемі $19,1 млрд болды. Осы кезеңде ҚР мен РФ арасындағы тауар айналымы $7,4 млрд-қа жетті.
ПІКІР ЖАЗУ