Көкшетауда көңіл көтеру орталығының директоры қызметшісін зорлады деген күдікке ілінді

Көкшетауда көңіл көтеру орталығының директоры қызметшісін зорлады деген күдікке алынды. Бұл туралы әлеуметтік желіде ақпарат тарады, деп хабарлайды ozgeris.info inform.kz-ке сілтеме жасап.

Ақмола облысы Полиция департаменті аталған жайтқа қатысты пікір білдірді.

«Сіздің сауалыңызға зорлау дерегіне байланысты Қылмыстық кодекстің 120-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлаймыз. Күдіктінің кім екені анықталды. Тергеу аясында сот-медициналық сараптама тағайындалды», — деп хабарлады Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Ведомстводан атап өткендей, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Желідегі жазбада оқиға маусымның 20 мен 21 аралығында түнде Көкшетау қаласындағы көңіл көтеру орталығында болған.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины просто испаряются! Намажьте лицо перед сном этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…