Мобильді қосымша арқылы төлем жасау кең таралып келеді. Алайда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қауіп барын ескертеді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Агенттік мәліметінше, 5 банктің қосымшасы ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтіні анықталған. Олардың қатарында: Halyk, ВТБ, Bereke, RBK және «Нұрбанк». Агенттік қаржы ұйымдарына мәселені реттеуді тапсырды.
Сонымен қатар банк қылмыстық кірістерді заңдастыруға және жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша Қаржылық мониторинг ережелерін бұзғандықтан, ведомство RBK-дан 2,3 млн теңге өндіріп алды. Аталған банк есепті уақтылы ұсынбағаны айтылды.
ПІКІР ЖАЗУ