Ақын, коуч Айнұр Тұрсынбаева кезінде өзінен сабақ алып, жолы ашылған Қайша есімді аруға қымбат нөмір сыйлады, деп жазады jambylinfo.kz.
«Менің жанымда тұрған Қайшаны бәріңіз танисыздар. Көп адам Қайшаны шәкіртіңіз деп айтып жатады, бірақ, шәкіртің дегеннен гөрі сіңіліңіз деген жарасатын сияқты. Өйткені, Қайша менің туған сіңілімдей болып кеткен адам», — дейді айнұр Тұрсынбаева.
Айтыскер ақынның айтуынша, Айша кезінде оның сабағына қатысып, жолы ашылып, кәсібі өрге домалаған. Бүгінде ол 150 млн теңге тұратын қымбат көлік мініп отыр.
«Қайша маған келгенде жұлдызы сөніп, болашағым қалай болар екен деген үреймен келген еді. Қазір Қайша өзінің адал еңбегімен қазақтың қаншама ұқл-қыздарына кәсіп үйретіп жатыр. Кеше ғана өзінің адал ақшасымен 150 млн теңге болатын ең қымбат көлік алды. Санаулы жылдағы менің де, Қайшаның да еңбегін өздеріңіз көріп жатырсыздар. Қайшаның көлігіне «құтты болсын» айтудың реті бүгін түсті. Өзімнің отбасымның атынан сыйлық ретінде 001KKI, яғни, «Қайша Керей» деген мағына беретін нөмір алып келдім», — деп жазады Тұрсынбаева.
ПІКІР ЖАЗУ