Ұлттық тестілеу орталығы 396 түлектің тест нәтижесі жойылғанын мәлім етті, деп хабарлайды ozgeris.info
Тест нәтижесі жойылған түлектер бірнеше ережелерді қадағаламады. Атап айтқанда:
- смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 267 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды;
- тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 120 адам шығарылды;
- бейнежазбаларды тексеруден соң ереже бұзған 9 адамның нәтижесі жойылды;
Айта кетсек, ҰБТ басталғалы бері 211 мың рет тест тапсырылған. Оның ішінде талапкерлердің 76 пайызы шекті балл жинап отыр.
ПІКІР ЖАЗУ