Павлодарда пневматикалық мылтықпен көлікке оқ атқан ер адам іздестірілуде

Павлодарда көлікке пневматикалық қарудан оқ атқан адам іздестірілуде, деп хабарлайды ozgeris.info

«Факті Павлодар қаласының Солтүстік полиция бөлімінде тіркелді. Белгісіз біреудің көлікке пневматикалық қарудан оқ атқаны анықталды», — деп хабарлады бейсенбі күні Павлодар облысының полиция департаментінен.

Тәртіп сақшылары аталған фактіге қатысы бар тұлғаларды анықтау мақсатында жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

Павлодар тұрғыны Алена Тихонова оқ атылғаны туралы төрт күн бұрын әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Оның айтуынша, полицияға арыз жазылған, бірақ билік бірден жауап бермеген.