Астанада блогер Думан Ерқанаттың ісінен қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
2023 жылдың 13 қыркүйегінде қаржы сауатын үйрететін танымал трейдер Думан Ерқанат қыз зорлады деген айыппен 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда ол шешіммен келіспей, апелляциялық сотқа шағымданып, жоғарғы сотқа жүгінді.
“ҚР Жоғары сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қаулы енгізеді. Думан Ерқанатқа қатысты Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 23 қаңтардағы ақтау үкімінің күші жойылсын. Думан Ерқанатқа қатысты Алматы қаласы Бостандық ауданының нөмірі 2-ші аудандық сотының 2023 жылдың 13 қыркүйегіндегі айыптау үкімі өзгеріссіз қалдырылсын. Думан Ерқанат дереу сот залынан күзетпен ұстауға алынсын. Жазаны өтеу мерзімі күзетпен ұсталған күннен бастап, 2024 жылдың 18 маусымынан бастап есептелсін», – деді Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрайымы Назгүл Рахметтуллина.
Еске салайық, өткен аптада блогер Думан Ерқанат өзінің Instagram әлеуметтік желісінде оқиға қалай болғаны туралы жазба қалдырған еді.
ПІКІР ЖАЗУ