«Димаш тойға шығып жүр»: Желі қолданушылары Димаштың тойда ән айтқанына наразы

Димаш тойда
Фото: видеодан кадр

Әлеуметтік желіде танымал жұлдыз Димаш Құдайбергеннің тойда ән айтқан видеосы тарады. Димаштың ән шырқап тұрғанын парақшасына жүктеген желі қолданушысы оның бұл әрекетіне ренішін білдірген, — деп хабарлайды Ozgeris.Info.

«Димаш тойға шығып жүр. Бұл тірлігі үшін ұялмай ма? Концертіне толық зал көрермен жинай алатын адам мұндай отырыстардың деңгейіне түспеуі керек. Көңілім қалды», — деп жазды ол.

Бұл видеоға пікір жазушылардың ойы екіге бөлінді. Бірі шынымен бұл әрекеті дұрыс емес десе, енді бірі жақын досы үйленіп жатқан болуы мүмкін екенін жазды.