Қазақстанда 5G барлық тұрғындар үшін қашан қолжетімді болады

5G
Фото: kapital.kz

Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Қазақстанның аймақтары 5G желісіне қашан қосылатынын айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің басшысы Kcell және Tele2 операторлары Астана, Алматы, Шымкент және облыс орталықтарында 5G қамтуды кеңейту жұмыстарын жалғастырады.

«Бүгінде 20 қалада 1144 базалық станция орнатылды, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 5G ұялы байланысын енгізу 2025 жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс», — деді Жаслан Мәдиев.

Ол 2027 жылдың соңына дейін ұялы байланыс операторлары телекоммуникация саласына 450 миллиард теңгеден астам инвестиция салатынын айтты.