Алматыда Наурызбай ауданының тұрғындары жалаңаш әйелдің денесін тапты, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
Оқиға туралы құқық қорғаушы Дина Таңсәрі желіде жазды.
«Таусамалы ауылы, «Монтажник» СО-да 15 маусымда бірнеше полиция көлігі келді. Бұл жерде жас әйелдің денесі табылды. Ол киімсіз жалаңаш болды», — делінген жазбада
Қоғам белсендісі тұрғындардың қорқып жатқанын жеткізді.
«Біреу өлтіріп, мәйітті лақтыруға келген сияқты», «Камералар бар, денені тастағандарды табуға болады», «Балалар көріп, қорқып кетті», – деген жұртшылық.
Оқиғаға байланысты Алматы полиция департаменті кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
«Қазіргі уақытта күдіктіні ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларының кешені жүргізілуде. Басқа жағдайлар анықталуда», — деп хабарлады полиция.
ПІКІР ЖАЗУ