Бостандық аудандық полиция бөлімі 30 жастағы ер адамды ұстады. Ұжымдық арыз бойынша, ол бірқатар музыканттарға қатысты алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
Азаматтардың арызынан белгілі болғаны, 30 жастағы Ы.есімді азамат, өзін композитормын деп таныстырып, бөтен адамның туындысын бірден бірнеше орындаушыға сатып жіберген.
«Күдікті ұсталды. Оның әрекеті ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен квалификацияланған. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда», — деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ПІКІР ЖАЗУ