Көкшетаулықтың аяғы қопсытқышқа тартылып кеткен

Жазатайым оқиға Көкшетауда орын алды, деп хабарлайды ozgeris.info Ақмола облысының ТЖД-на сілтеме жасай отырып.

1952 жылы туған ер адамның аяғы жеке учаскеде жұмыс істеген кезде айналмалы қопсытқыш механизміне тартылып кеткен.

Шақыру орнына жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мен жедел жәрдем арбасы келді. ТЖД қызметкерлері шанц құралдарының көмегімен қысылған аяқты алып шықты. Дәрігерлермен бірге алғашқы көмек көрсетіп, ер адам қаладағы ауруханалардың біріне жатқызылды.

Жәбірленуші жеткізілген Ақмола облыстық ауруханасында аяқты сақтау үшін барлық шаралар қабылданып жатқаны туралы хабарланды.

«Науқаста байлам аппаратының зақымдалуымен және аяқтың ашық дислокациясымен тобық буынының кең жарасы бар. Біз аяқты сақтауға тырысамыз, емдеу ұзақ болады», — деп түсіндірді травматология бөлімінің меңгерушісі.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Назван продукт, спасающий сосуды лучше лекарств
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...