Президент Әзірет Сұлтан мешітіне барып бүкіл қазақстандықтарды құрбан айтпен құттықтады

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Құрбан айт мерекесіне орай елордадағы Әзірет Сұлтан мешітіне барып, бүкіл қазақстандықтарды құрбан айт мейрамымен құттықтады.

“Қадірлі отандастар!

Құрбан айт құтты болсын! Бұл – имандылық пен мейірімділіктің, адамгершілік пен адалдықтың, жанашырлық пен жауапкершіліктің мән-маңызын арттыра түсетін мейрам.

Барша мұсылмандар асыға күтетін қастерлі мерекенің тағылымы зор.  Құрбан айтта, ең алдымен, сауабы мол игі амалдар жасалып, елді ізгілікке бастайтын құндылықтар кеңінен дәріптеледі. Сол арқылы халқымыздың рухани тұтастығы нығая түседі.

Дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!”, — деп, айттан айтқа аман есен жете берейік деп құттықтау сөздерін айтты.

Мешітте Құран оқытылып, Мемлекет басшысының атынан құрбандық шалынды.