«Мәңгі жүректесің»: Димаш Құдайберген желіде жүрекжарды жазба жариялады

Димаш
Фото: Instagram / @kudaibergenov.dimash

Белгілі әнші Димаш Құдайберген атасының қайтыс болғанына жыл толғанда әсерлі суретпен бөлісті, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Instagram парақшасында бала кезінде атасы Құдайберген Айтбаевпен түскен фотосуретін жариялады.

«Мәңгі жүректесің, папа…», – деп жазды әнші.

Айта кетейік, 2023 жылғы 13 маусымда 82 жастағы Димаштың атасы Құдайберген Айтбаев қайтыс болды.

Ол 1941 жылы 25 шілдеде Ақтөбе облысында дүниеге келген. Димаш Құдайберген – үлкен немересі, ескі қазақ дәстүрі бойынша ол атасы мен әжесі Миуа Низамутдинова мен Құдайберген Айтбаевтың қолында тәрбиеленген.