Қазақстанда харассмент үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіле ме?

харассмент
Фото: ашық дереккөзден

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлқайыров Қазақстанда харассмент үшін жаза енгізіле ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Оның айтуынша, бүгінде харассмент үшін жауапкершілік енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Қазіргі уақытта аталған түзетулер, бұл бастама мемлекеттік органдарда талқыланып жатыр. Жақын арада бұл мәселе қаралады деп ойлаймын. Себебі, бұл заңды Еңбек министрлігі әзірлеп жатыр», – деді ол.