«Мал құнын қолдан көтермейік». Бас мүфти Құрбан айт қарсаңында үндеу жасады

Құрбан айттың негізгі мақсаты – мейірімділік, жомарттық, қайырымдылық, қанағатты қалыптастыру, деп атап өтті ҚМДБ төрағасы.

Бас мүфти, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы кәсіпкерлерге үндеу жасап, мал бағасын орынсыз көтермеуге, азық-түлік бағасын түсіруге шақырды.

«Біз қашан да өзгелерге қайырымдылық жасап, айналамызға шуағымызды төгіп, үлкендердің алғысы мен батасын алып, өсіп-өнген елміз. Осы ретте еліміздегі барша кәсіпкер азаматтарды Құрбан айттың құрметіне мал құнын қолдан көтермей, халықтың әлеуметтік жағдайын ескеріп, оңтайлы баға ұсынуға, жұртымыз күнде тұтынатын азық-түлікке мүмкіндігінше жеңілдік жасауға шақырамын. Құрбан айтты атап өтудің негізгі мақсаты – мұсылмандар арасында өзара мейірімділік, жомарттық, қайырымдылық, қанағат сынды адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру. Алланың рақым нұры төгілетін берекелі сәттерде халқымызға жақсылық жасап, көпшіліктің ризашылығына бөленейік», – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Еске салайық, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл онлайн құрбан шалуға мүмкіндік беретін сайтты іске қосты. Мұнда әр өңір үшін нақты мал бағасы (қасапшының еңбекақысы, мұқтаж жандарға жеткізу шығыны, тоңазытқышта сақтау және өзге де қызметтердің ақысы кіреді) белгіленген. Мысалы, Алматы қаласында қой бағасы 72 мың теңге, ірі қараныкі 441 мың теңге болса, Астанада баға сәйкесінше 75 мың және 490 мың теңгеге тең.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Шум и звон в голове - это начало инсульта! Пока сосуд не лопнул…