Украин халқы аяғына дейін күреседі — ЗЕЛЕНСКИЙ

Зеленский CNN мен Reutersке сұхбат беріпті:

Біз барлық жағдайға дайын болдық. Бізде қорғаныстың 6 нұсқасы бар.

Алға қарай бір қадам басу үшін, саған қарай да қадам басуы керек. Ал үлкен проблемалар бар кезде, күн сайын адамнан айырылып жатқан кезде, кері қарай қадам басу керек. Диалог дегеніңіз осы.

Келіссөз үстеліне отыру үшін толықтай тыныштық керек. Бомбалауды доғару керек.

Егер НАТО Ресейге бола Украинаны алянсқа алғысы келмесе, бізге қауіпсіздік кепілдігі керек.

Біз күресіп жатырмыз. Ал украин халқы аяғына дейін күреседі.

Біз қорғанып жатырмыз, өйткені біз өз үйіміздеміз. Өз балаларымызды үйімізде қорғап жатырмыз. Балаларымыздың болашағы үшін. Қазір ешкім нысана таңдап жатқан жоқ.

Күн сайын ондаған бала өліп жатыр. Біз өзіміздің өмір сүру құқымызды қорғап жүрміз.

Әлем қазір келіссөзге көшу керектігін көріп отыр. Бізде күн сайын соғыс, күн сайын көмек керек. Бюрократиямен алысып жата алмаймыз. Бізге дереу қимылдау керек.

Мен өз халқымды сақтап қалғым келеді. Әрбірінің өмірі маңызды.

Usbanov ARNASY

(телеграм парақшасынан)


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!