Алматыда тойды автоматпен тойлағандар: Видеодаға белгілі блогер түсіп қалды

атыс
Фото: Видеодан кадр

Қазнетте ер адамдар автоматтар мен тапаншаларды автомобильдің люгі арқылы шығарып, ауаға оқ атқан видео пайда болды. Белгілі болғандай, олар үйлену тойын осылай атап өткен.

Мерекеге танымал автоблогер Заир Рзаевтың да қатысқанын мұқият пайдаланушылар байқады. Егер сіз Instagram-дағы блогер сторисын тексерсеңіз, бұған көз жеткізуге болады.

Заир Рзаев
Фото: Instagram @g_e_class парақшасынан

Алматы облысының полициясы оқиға Еңбекшіқазақ ауданының Түрген ауылында болғанын түсіндірді.

9 маусымда үйлену тойы кезінде атыс қаруын пайдалануға байланысты оқиға орын алды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде облыстық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері СОБР арнайы бөлімшесінің жауынгерлерімен бірлесіп барлық құқық бұзушылар ұсталып, УҰИ-ға қамалды, — деп хабарлады Алматы облысының ІІД.

атыс шығарғандар
Фото: polisia.kz

Атыс қаруын қолданып бұзақылық жасау фактісі бойынша ведомствода қылмыстық іс қозғалды. Ерлер үйлену тойында атқан қару сараптамаға жіберілді. Сондай-ақ, аймақтың ІІД хабарлағандай, аудандық полиция басшылығына қатысты қатаң шаралар қабылданады.

ҚР ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігіне сәйкес атыс қаруын, газды қаруды, пышақтарды, кастеттерді және өзге де суық қаруды не денсаулыққа зиян келтіру үшін арнайы бейімделген басқа да заттарды қолданып немесе қолдануға әрекеттеніп жасалған бұзақылық үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…