Алматыда үйлену тойын автоматпен тойлағандар ұсталды

атыс
Фото: Видеодан кадр

Әлеуметтік желіде Алматы көшелерінде автомат пен тапаншадан оқ атып, той тойлаған жастардың видеосы тарады.

Видеодан үйлену тойының дөп үстінде аспанға оқ атылғанын аңғаруға болады. Келген қонақтар музыка сүйемелдеуімен ауаға бірнеше рет оқ атқан. Жиналғандар олардың әрекеттерін смартфон камераларына түсірген.

Алматы полиция департаменті қазіргі уақытта оқ атқандардың жеке басын анықтап жатқанын мәлімдеді.

«Алматы облысының полициясы құқық бұзушылардың жеке басын анықтау бойынша қажетті іс — шаралар жүргізуде, олар қолданыстағы заңнамаға сәйкес міндетті түрде жауапқа тартылады», — деп хабарлады ведомстводан.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины просто испаряются! Намажьте лицо перед сном этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!