Алматы-Өскемен тасжолының 55 шақырымында жол-көлік апаты салдарынан 5 адам қаза тапты, – деп хабарлайды Ozgeris.Info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, Nissan Primera жүргізушісі рульді басқара алмай, жолдан шығып кетіп, ағашқа соғылды. Жүргізуші мен төрт жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. 12 жастағы кәмлетке толмаған ұл бала Қонаев қаласының ауруханасына жеткізілді.
Аталған дерек бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Ішкі істер министрлігі жүргізушілерді рұқсат етілген жылдамдық режимін асырмай, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
ПІКІР ЖАЗУ