ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров брифингте Украина президенті Владимир Зеленскийдің кейбір қазақстандық БАҚ-қа берген сұхбаты туралы айтып берді.
«Мен Қазақстан СІМ өкілі ретінде пікір білдіргім келмейді. Бірақ біз оны назардан тыс қалдыра алмаймыз «, — деп мәлімдеді Айбек Смадияров.
Оның айтуынша, украиналық тарап бұл жобаны өз бетінше бастама етіп, Қазақстанның кейбір жеке БАҚ-тарын шақырды.
«Сұхбатты ұйымдастырудың бұл идеясы бізге күмәнді болып көрінеді. Материал ұтымды емес, эмоционалды болып шықты «, — деп түйіндеді ол.
ПІКІР ЖАЗУ