Мемлекет басшысы Президент Серджо Маттареллеге және Италия халқына құттықтау жеделхатын жолдады.
«Бүгінде Италия — халықтың жоғары әл-ауқатына қол жеткізген, халықаралық аренада сөзсіз беделге ие берік саяси-экономикалық іргетасқа сүйенетін мемлекет. Сіздердің елдеріңіз биылғы жылы G7 дамыған елдер тобын басқарып, жаһандық тұрақтылық пен қауіпсіздікті ілгерілетуге елеулі үлес қосып келеді. Қазақстан мен Италия арасындағы стратегиялық әріптестіктің ерекше маңызын атап өткім келеді. Мен екіжақты өзара іс-қимылға елеулі серпін берген және біздің серіктестігіміздің жаңа перспективаларын ашқан Римге ресми сапарымды жылы шыраймен еске аламын «, — делінген жеделхатта.
Токаев сондай-ақ Серджо Матареллаға жауапты қызметіне табыс, ал достас итальян халқына бақ-береке тіледі.
ПІКІР ЖАЗУ