Жанболат Саймағанбетов «ӨзенМұнайГазды» басқарады

«ӨзенМұнайГаз» АҚ ұжымына жаңа басшы таныстырылды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

«ҚазМұнайГаз» басқарма төрағасы Асхат Хасенов Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалған компанияның бұрынғы басшысы Нұрдәулет Қилыбайға атқарған жұмыстары үшін алғыс айтты. Ол оған жаңа лауазымында табыс тіледі.

Жанболат Саймағанбетов бұған дейін компания бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеген.