Алматылық жүргізушілерге ҰҚШҰ отырыстарына байланысты жолдарда шектеулер болуы мүмкін екені ескертілді

Алматы полициясы ҰҚШҰ отырыстары кезінде жолдарда мүмкін болатын шектеулер туралы хабарлады.

30 мамыр мен 6 маусым аралығында мегаполисте бірнеше халықаралық іс-шаралар өтеді:

30-31 мамыр — ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы.
2-3 маусым — ҰҚШҰ парламенттік ассамблеясы кеңесінің отырысы.
5-6 маусым — ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің отырысы.

«Осыған байланысты, іс-шаралардың ауқымын, қатысушылар мен қонақтардың санын ескере отырып, Алматы қалалық полиция департаменті жол қозғалысының жартылай шектелуі туралы хабарлайды. Айта кету керек, жол шектеулері қоғамдық көлік қозғалысына әсер етпейді «, — делінген полиция хабарламасында.

Қала тұрғындарынан уақытша шараларға түсіністікпен қарауды және қозғалыс бағытын алдын ала түзетуді сұрайды.