Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның федералдық канцлері Олаф Шольцпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Неміс тарапының бастамасымен өткен әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Олаф Шольц екіжақты қарым-қатынастардың бірқатар практикалық мәселелерін талқылап, мемлекет басшысының өткен жылғы қыркүйекте Берлинге ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға назар аударды.
Әңгімелесушілер сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың жоғары қарқынын қанағаттанушылықпен атап өтіп, іскерлік байланыстарды нығайтуға және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға өзара мүдделілік танытты.
Сурет: Ақорда
ПІКІР ЖАЗУ