Корпорация «Кең дала 2» жаңа бағдарламасын ашты, ол бойынша қосымша 300 млрд теңге бөлінеді. Қаржы ресурстары жеке капитал нарығынан тартылады. Бұл ретте қарыз алушылар үшін жылдық 5% деңгейінде жеңілдікті сыйақы мөлшерлемесі қамтамасыз етіледі.
«Кең дала-2» бағдарламасы бойынша өтінімдер 2024 жылдың 29 сәуірінен бастап қабылданады. Жеткілікті кепілдікті мүлкі жоқ фермерлер үшін «Даму» КДҚ-ға кредит сомасының 85% -ы мөлшерінде кепілдіктер берілетін болады, ал қалған қарыз мен сыйақы сомасына фермерлер Аграрлық несие корпорациясының кепілдікті саясат талаптарына сәйкес қамтамасыз ете алады.
Бүгінгі таңда 600-ден астам шаруашылық жалпы сомасы 46,6 млрд теңгеге өтінім берді.
ПІКІР ЖАЗУ