Кеше Жамбыл облысында жол апаты болды. 21 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды, тағы үш адам, оның ішінде 11-сынып түлегі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады Жуалы ауданының әкімдігі.
Ведомствоның мәліметінше, көлік Жаңаталап ауылынан Ақтоған ауылына қарай бет алған.
«Toyota Camry көлігінің 21 жастағы жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қалып, көлік аударылып қалды», — делінген хабарламада.
«Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалды», — деп толықтырды әкімдік.
ПІКІР ЖАЗУ