“ Ресей болмаса, Қытайлар жерімізді тартып алатын еді”

Бүгін футбол ойнап, бұрыннан танитын, ауылдас, бірге оқыған жігіттермен біраз Украинадағы жағдайды талқылағанда өзім таң қалдым.

Барлығы Ресейді қолдап, Ресейдің Донбасс халқын құтқарып жатқанына сенімді, оның әскері және қаруы әлемде ең мықты, бізге Ресеймен дос болу керек деп, Ресей болмаса, Қытайлар жерімізді тартып алатын еді деп айта бастады. Тіпті кейбіреулер Ресейге қосыла салу керек деген ұстанымдар айтты.

Украина жағында жалғыз қалып, өз позициямды қорғай бастадым. Білмеймін көндіре алдым ба, жоқ па…

Түсінгенім, бізде қоғамдық пікірді қалыптастыратын орыстілді ақпарат кеңістігі, бұқаралық ақпарат құралдары, әсіресе Солтүстік аймақтарда қазақтардың да ойы осылай. Сондықтан идеологияға, руханиятқа мән беруіміз керек.

Мемлекеттің бірлігін сақтау үшін ұлттық құңдылықтарымызға, тілімізге, мәдениетімізге, болмысқа негізделуі қажет.
Әсіресе тілімізге қатты назар аударуымыз қажет.

Алаш арыстарының «Бала қай тілде білім алса, сол тілге қызмет етеді» деген сөзі дәл келеді және қай тілдік ортада қалыптасып, әлеуметтенген ортасы ықпал етеді.

Ал біз Ресейдегі «Донбасс операциясы» әрекетін Путинді қолдаған 65% халқына таң қаламыз! Іштен шыққан жау жаман.

Айдар ХАМИТ

 


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!