Хабарламада айтылғандай, осы ауылда іссапарға жіберілген қызылордалық құтқарушылар жұмыс істеген. Олар Бесікті елді мекеніндегі Сокол каналының бөгетін бекітті.
«Осы елді мекенде қалған 210 бас жылқы қауіпсіз жерге шығарылды», — делінген хабарламада.
Сондай-ақ, құтқарушылар суды сору жұмыстарын жүргізді. Сағат 13.00-де Атырау-Индер тас жолындағы Бесікті ауылынан, «Қазақтелеком» арнасының кабелінің астынан судың ағып кеткені анықталды.
ПІКІР ЖАЗУ