Қазақстан мен Вьетнам арасындағы визасыз режим бүгін, 25 мамырдан бастап күшіне енді.
«Келісім екі елдің азаматтары – ұлттық төлқұжаттардың иелері үшін визалық талаптарды алып тастауды қарастырады, бұл ретте азаматтар елге келген күннен бастап 30 күнтізбелік күн, жалпы алғанда 90 күнтізбелік күн ішінде бола алады. », — деді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
2023 жылдың тамызында Қазақстан мен Вьетнам өкілдері ұлттық төлқұжат иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды.
ПІКІР ЖАЗУ