Түркістан облысы Қарасу ауылының мұғалімдері мен оқушылары мектептегі дене шынықтыру пәні мұғалімінің үстінен шағым түсірді. Ата-аналардың айтуынша, бұрын сотталған мұғалім оқушыларды балағаттап, жоғары сынып оқушыларын ұрып-соғады, деп хабарлайды 31 арна.
Әріптестерін де жиі балағаттайтын ұстаз жақында ғана қызметінен босатылған директордың күйеуі болып шықты.
«Алтай аға дене шынықтыру сабағында бізді қорлайды. Бізді құшақтайды, аяғымызды ұстайды, әр жерден сипады. Ата-анаға айтуға қорқамыз. 9-10 сынып оқушыларын құшақтап, тиіседі. Орнынан тұрып, ұстайды, отыруды сұрайды. Біреулерді бұрышқа апарады да, тұрып сөйлеседі», — деді жәбірленуші
жоғары сынып оқушысы.
Мұғалімнің бұл әрекетін білген қыздың анасы қызын бірден басқа мектепке ауыстырған. Полицияға арыз жазған әйел жағдайды бұлай қалдырмайтынын айтты
ПІКІР ЖАЗУ