Қырғыз музыканты Викрам Рузахунов Алматыға тергеуге шақырылды. Бұл туралы қырғызстандық әншінің өзі Instagram желісінде хабарлады.
Рузахунов барудан бас тартқанын айтты, өйткені басынан өткен ауыртпалық пен қорқыныштары әлі көз алдында.
«Менің адвокатым Нұрбек Тоқтакунов ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің тергеушісіне өздері келуін ұсынды. Алайда олар тергеу үшін ұсталған жерді, мені алып кеткен ғимаратты, камераны көрсетуім маңызды екенін айтты. Мен отырған камералар мен мені азаптаған адамдар жайлы жауап алмақ», – деп жазды Викрам Рузахунов.
Музыкантпен бірге оның адвокаты келеді. Ол құзырлы органдарға өтінішпен жүгінгенін және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінен қауіпсіздікке кепілдік беруді сұрағанын айтты.
Рузахунов сондай-ақ күдіктілердің белгілі бір тобы анықталған жағдайда ғана Қазақстанға баратынын айтты. Олай болмаған жағдайда тергеушілердің өздері келіп жауап ала алатынын айтты.
ПІКІР ЖАЗУ