Қазақстан мен Әзірбайжанның әскери қызметкерлері құқық қорғау саласында тәжірибе алмасты

Әзербайжан Қарулы Күштері Әскери полициясы бастығының орынбасары полковник Мирхамид Нагиев бастаған Әзірбайжан Қорғаныс министрлігінің делегациясы Астанаға келді.

Шетелдік қонақтар Ақмола облыстық гарнизоны әскери полиция басқармасы, әскери қызметкерлерінің күнделікті қызметімен, кинологиялық қызметтің ұйымдастырылуымен танысты. Парад алаңында оларға тәртіп сақшылары қолданатын техника мен әскери техника көрсетілді.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігінің өкілдері Әскери полиция мамандарын даярлау орталығында да болып, оның материалдық-техникалық жабдықталуымен және оқу бағдарламасымен танысты.

Әскери полиция қызметкерлері әскери қызмет қауіпсіздігін, профилактикалық іс-шараларды және әскери қызметті ұйымдастыру бойынша тәжірибелерімен бөлісті. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара мүдделі салалардағы ынтымақтастықтың бар әлеуетін атап өтті.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны