Qazaq Air әуе компаниясын вьетнамдық SOVICO Group компаниясы сатып алды.
Бұл туралы бүгін (23 мамыр) Қазақстан-Сингапур бизнес форумында Президент Тоқаев жаһандану және көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелеріне тоқталған кезде айтты. Сәл бұрын ол ҚТЖ мен сингапурлық PSA International арасындағы ынтымақтастық туралы айтты.
«Мен Qazaq Air әуекомпаниясын вьетнамдық SOVICO Group компаниясының жекешелендіруін құптаймын. Бұл Қазақстан мен АСЕАН елдері арасындағы әуе қатынасын жандандыруға мүмкіндік береді», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
ПІКІР ЖАЗУ