Лондон-Сингапур рейсіндегі қатты турбуленттілік салдарынан бір адам қаза тауып, басқалары жарақат алды, деп хабарлайды Sky News.
Singapore Airlines компаниясының хабарлауынша, Хитроу әуежайынан ұшқан ұшақ қатты турбуленттілікке тап болған.
«Біз Boeing 777-300ER бортында барлығы 211 жолаушы мен 18 экипаж мүшесі болғанын растай аламыз», — деп хабарлады әуе компаниясы.
Ұшақ Бангкокқа шұғыл қонуға мәжбүр болды. Singapore Airlines жолаушыларға қажетті медициналық көмек көрсету үшін Таиланд билігімен ынтымақтасады және өз командасын Бангкокқа жібереді.
ПІКІР ЖАЗУ