Ақтөбеде бір топ жас тірі кірпіні теуіп футбол ойнады. Жастар өздерінің әрекеті түсірілген видеоны әлеуметтік желіде жариялады. Полицейлер оларды тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.
Видео қала көшелерінің бірінде түсірілген. Жастар жануарды тепкілеп күлді. Сосын олардың бірі аяқ киімнің табанынан инелерді суырып алды. Кірпіге не болғаны белгісіз.
«Күдіктілер полиция бөлімшесіне жеткізілді, ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес, жануарға зиян келтіру үшін 120 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе қамауға алу жазасы қарастырылған. 30 күнге дейін», — деді полиция.
ПІКІР ЖАЗУ