Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 51-ракеткасы Анна Данилина Парма (Италия) челленджер турнирінің жартылай финалына шықты.
Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген А.Данилина мен ресейлік Ирина Хромачёва ширек финалда ресейлік Алёна Фомина — германиялық Юлия Лохофты оңай ұтты – 6:0, 6:2.
Кездесу небәрі 51 минутқа созылды.
Анна Данилина – Ирина Хромачёва финалға шығу үшін чехиялықтар Мириам Колодзиэёва – Анна Шишковамен таласады.
Тағы бір қазақстандық Жібек Құламбаева грекиялық Сапфо Сакелларидимен бірге жұптық сында Загреб (Хорватия) ITF жарысының жартылай финалына жолдама алды.
Доданың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық-грекиялық жұп ширек финалда белоруссиялық Яна Колодынска — босниялық Анита Вагнердің мысын басты – 3:6, 6:1, 10:8.
Бұл матч 1 сағат 29 минутқа созылды.
Ж.Құламбаева – С.Сакеллариди турнирдің 3-ракеткалары, бразилиялық Лаура Пигосси – швейцариялық Селин Наэфпен финал жолдамасын сарапқа салады.
Сонымен қатар қазақстандықтар Бейбіт Жұқаев пен Дмитрий Попко Оэйраш (Португалия) челленджер турнирінде бастапқы кездесуін сәтті өткізді.
Олар тартысты матчта корт иелері Дуарте Вале – Тьяго Перейраны 6:3, 2:6, 11:9 есебімен тізе бүктіріп, ширек финалға өтті.
Фото: ktf.kz
ПІКІР ЖАЗУ