Ақтауда кәмелетке толмаған қызды зорламақ болған мектеп күзетшісі қамауға алынды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған.

Білім беру ұйымының күзетшісі аулада ойнап жүрген кәмелетке толмаған қыздардың қасына барып, біреуін шақырып алған. Күдікті қызды мектептің кіреберісіндегі күзетші отыратын бөлмеге кіргізіп, тиісе бастапты.

«Бұл масқара біздің мектепте болды. Күзетші — 52-53 жастағы адам. Қыз баланы кіргізіп алып, зорламақ болған. Абырой болғанда қыз қашып шықты. Далада ойнап жүрген балаларға барып, алдап ішке кіргізген», — дейді ата-аналардың бірі.

Зардап шеккен қыздың анасы полицияға шағым түсірді.

Аталған мектеп те оқиғаны растады. Күзетші бірден қамауға алынған. Себебі, оның іс-әрекеттері бейнекамераға жазылған. Сондықтан күзет агенттігінің үстінен сотқа шағым берілді.

Полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Фото: egemen.kz


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Шум и звон в голове - это начало инсульта! Пока сосуд не лопнул…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!