Атырау облысының Индер ауданындағы елді мекендердің тұрғындары Индербор кентіне қайықпен қатынайды.
Индер ауданының әкімі Дарын Шамұратовтың айтуынша, Атырау-Орал трассасынан Индербор кентіне баратын 7 шақырым жолды қалпына келтіру басталған. Бұл жолды 13 мамырда Жайық өзенінен сайға құйылған тасқын су шайып кеткен еді.
«Аталған жол қауіпсіздік мақсатында уақытша жабылды. Бүгін жолды қалпына келтіру жұмысы басталды. Жол қалпына келтірілгенше, елді мекендер тұрғындарының аудан орталығы – Индербор кентіне қатынауын ұйымдастыру үшін 15 мамырда арнайы қайық шығарылады. Тұрғындарды қайықпен таңертеңгі 9:00-ден кешкі 19:30 аралығында тасымалданады», -деп хабарлады Дарын Шамұратов.
Сондай-ақ, Индербор кентіндегі орталық көпір мен қайық тоқтайтын орын аралығында арнайы маршрутпен қоғамдық көлік жүреді.
Фото: Индер ауданының әкімдігі
ПІКІР ЖАЗУ