Өзбекстанның «Миллий Тикланиш» партиясының жетекшісі, Олий Мажлис заң шығару палатасының вице-спикері Алишер Кадыров өзбек тілін білмейтін республика азаматтарын мемлекеттік қызметке алмауды және мемлекеттік қызмет көрсетпеуді ұсынды.
Қадыров мұндай түбегейлі ұсынысты Ресей Мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володиннің Ресей Федерациясына жұмыс істеу үшін көшіп келгендердің бәрі орыс тілін біледі және орыс мәдениетін құрметтейді деген соңғы мәлімдемесіне жауап ретінде айтты.
Өзбекстандық саясаткер Ресейде жұмыс істеуді жоспарлап отырған азаматтар орыс тілін білуі керек деген пікірде.
«Олай болса Өзбекстанда тұратын барлық ұлттың азаматтары өзбек тілін білуі керек»
– деп атап өтті.
Қадыров өзбек тілін заңнамада міндетті деп белгілеу керек деп санайды.
ПІКІР ЖАЗУ